2025 жылдың 9-12 қазанында Орал қаласында бокстан 2008-2009 жылы туған жастар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Аталған жарыста 60 кг салмақ дәрежесінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Бекболат Заңғар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды. Ендігі кезекте боксшы 16-23 қараша айында Өскемен қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысады.
Бұл жарқын жеңіс — спортшының тынымсыз еңбегі мен табандылығының жемісі. Заңғарды үлкен спорт жолында жетелей білген білікті жаттықтырушысы Кабдолов А.-ның еңбегі де зор.
Бекболат Заңғарды және оның бапкерін облыс чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы спорттық белестерде толағай табыстар мен жеңістер тілейміз!