“Мұнайдың жоғары мектебі” Альметьев мемлекеттік технологиялық университетімен ынтымақтастық туралы қол қойылған екіжақты шарт негізінде, Мұнай газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру үшін жұмыс оқу жоспарлары әзірленіп, бекітілді. Бірлескен білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарын екі серіктес ЖОО әзірлеп, бекітеді.
Бүгін мұнай Жоғары мектебінің әріптестерімен кезекті кездесуіміз өтті. Альметьев мемлекеттік технологиялық университетіның оқу жөніндегі проректоры Алексей Федорович Иванов пен СТИ директоры Бауыржан Акимжанович Билашев Мұнай-газ ісі білім алушылары үшін алдағы оқу кезеңінің негізгі сәттерін талқылады. Біздің студенттер үшін бұл бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша екі ЖОО-да қатар оқу, содан кейін диплом алу мүмкіндігі, ал болашақта бұл университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу перспективалары қарастырылды.
Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқудан сәтті өткен студенттер ЖОО-ның қазақстандық және шетелдік дипломын алады.