2025 жылдың 20-23 тамызы аралығында облыс әкімі Нариман Төреғалиев бастаған Батыс Қазақстан облысының делегациясы Чехияда болып келді. Делегация құрамында БҚИТУ бірінші проректоры Самал Машанова да іс сапарға қатысты.

Сапар аясында Прагадағы Чехия техникалық университетінің (ÇVUT) және Злиндегі Томаш Бати университетінің басшылығымен кездесулер өтті. Кездесулер барысында академиялық алмасу, қос дипломды бағдарламаларды іске асыру және бірлескен ғылыми жобаларды дамыту саласындағы негізгі мәселелер талқыланды.

2025 жылдың 19-қыркүйегінде Злин өлкесінің губернаторы Радим Голиш пен Липталь қаласының мэрі Милан Даней бастаған Чехия делегациясы Батыс Қазақстан облысына жауап сапарымен келді. Қонақтар құрамында Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігінің қызметкері Қаратай Ақиқат Ақылбекұлы және Чехиядағы “Тарлан” Жастар ұйымының төрағасы, SpeakEasy тіл мектебінің негізін қалаушы Данияр Рысбекұлы Жанасбаев болды.

Қонақтар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде (БҚИТУ) болып, білім ордасында “Тарлан” Жастар ұйымымен және SpeakEasy тіл мектебімен серіктестікте ЖОО базасында халықаралық тілдік білім беру орталығын құру перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Чехияның жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейту бағыттары белгіленді.

Тараптар білім және ғылым саласындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға және дамытуға қызығушылық білдірді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz