2018 жылы 20-қыркүйек күні БҚИТУ-дың Педагогикалық факультетінде Қазақстан Респуликасының тілдері күніне арналған «Әркімнің ана тілі – өз бойтұмары» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Шараның мақсаты – студенттерді ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуының негізін қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету. Қазақ елінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Шара барысында Қазақстанда тұратын халықтар тілдерінде өлең оқылып, ән шырқалып, қойылым қойылды. Кеш тақырыбына сай кітап көрмесі дайындалды.

