2025 жылдың 12 қарашасында “Ветеринария” білім беру бағдарламасының Вет-41 О және Вет-42 О студенттері үшін кафедра оқытушыларының қатысуымен ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы С.Ғ. Қанатбаевтың «Ауыл шаруашылық малдарының сібір жарасы ауруының алдын алу және оған қарсы күресу шаралары» тақырыбында ашық дәрісі өткізілді. Сабақты өткізу кезінде ауыл шаруашылық малдарының сібір жарасы ауруына жан-жақты сипаттама беріліп, оның негізгі клиникалық белгілеріне тоқталып, мал өлген кездегі патологоанатомиялық өзгерістерін талқылап, аурудың алдын алу жолдары мен оған қарсы күресу шаралары туралы өте құнды мәліметтер берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағындағы 2000 тұрақты аурудан сәтсіз елді мекендер мен 2000-нің үстінде сібір жарасының ошағы бар екендігі, жыл сайын бірнеше облыс аумағында сібір жарасы ауруына ауыл шаруашылық малдары шалдығып, одан адамдарға жұғып, өкінішке орай адамдардың өлу фактілері тіркелгендігі туралы нақты мәліметтер келтірілді. Бұл инфекциямен күресудегі ветеринарлық мамандардың рөлі халықтың денсаулығы мен ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

