2026 жылдың 19 наурыз күні сағат 12:20-да аға оқытушы Г.Ш. Избасованың  ЗК-11 тобында «Геодезия» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы – «Теодолиттік жүрістер нәтижелерін ғылыми өңдеу».

Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға теодолиттік жүрістер нәтижелерін ғылыми өңдеу әдістерін меңгерту, өлшеу барысында жіберілетін қателіктерді анықтау және оларды түзету жолдарын тәжірибелік тұрғыда үйрету болды.

Ашық сабақ барысында білім алушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, теодолиттік өлшеулер нәтижелерін өңдеу кезеңдерімен танысты. Сонымен қатар, өлшеу дәлдігін арттыру, қателіктерді талдау және есептеу жұмыстарын дұрыс жүргізу мәселелері қарастырылды.

Сабақты аға оқытушы Г.Ш. Избасова  жоғары деңгейде ұйымдастырып, заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдана білді. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz