2025 жылдың 19 қарашасы күні сағат 15.00-да 6B07301- «Сәулет және құрылыс» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., техника ғылымдарының кандидаты К.А. Нариковтың АРХ-41О тобының студенттеріне «Тас қалау жұмыстары» тақырыбында практикалық ашық сабағы өтті. Ашық практикалық сабақтың ерекшелігі оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, интерактивті тақтамен жұмыс жасалды. Мақсаты – тас қалау технологиясы мен қабырғаға кететін тастардың көлемін есептеп үйрену. Сабақ барысында білім алушылар тас және кірпіштен құрылымдар қалаудың түрлері, оларды тұрғызу әдістері жайлы терең мәліметтер ала отырып, қабырғаға кететін тастардың көлемін есептеп үйренді. Пән оқытушысы көрнекті құралдарды толық қолдана білді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz