Экономика және менеджмент кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің археологиялық мұражайына барып, археологиялық ескерткіштермен, экспонаттармен танысты.

Экономика және менеджмент кафедрасы мұражай меңгерушісі, т.ғ.к. философия докторы Мұрат Қалменовке студенттердің бойына патриоттық сезімді, ата-бабаларына деген мақтаныш сезімін, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарауды және қоршаған әлемді сақтауға деген ұмтылысты тәрбиелеуге бағытталған экскурсия өткізгені үшін алғыстарын білдіреді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz