2024 жылдың 21-қарашасы күні Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Д.М.Какимова мен Г.Х.Уразалиеваның ұйымдастыруымен институттың тәрбие жоспарына сәйкес, 1-желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне және білім алушылардың ЖИТС туралы білімін қалыптастыру, ЖИТС проблемасын түсіну, АИТВ-ға төзімділік және жұғу жолдары туралы білімдерін нығайту, инфекция және инфекциядан қорғау, жұқпалы аурулардан бойларын аулақ ұстауға, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, салауатты өмір салтының ұстанымын қалыптастыру мақсатында «Адамның денсаулығы-қоғам байлығы» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелге облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Хафизова Эльвира Ақылбековна арнайы қонақ ретінде шақырылды. Шара барысында тақырыпқа байланысты арнайы бейне таспа көрсетілімі жүргізілді. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, шара өз мақсатына жетті.
