18 мамыр күні сағат 12:00-де бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов атындағы спорт кешенінде Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Х жазғы Универсиада аясында бокстан жарыстың жабылу салтанаты өтті.
Бокстан Х жазғы Универсиаданың жабылу салтанатына қатысқандар: Батыс Қазақстан Облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Аманбаева Әсия Рахымқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы спорттық-зертханалық бөлімінің орынбасары Мұхамедиева Мира Бекқазықызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылтайшысы Рысбекова Ләззат Тұяқбайқызы, жарыстың супервайзері AIBA халықаралық дәрежедегі төреші Базарбаев Дулат, №3 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ишекенов Талғат Хамидоллаұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Губашев Темірболат.
Бокстан жарысқа қатысушы командалар (ерлер арасында):
- І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған );
- Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы );
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы);
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Нұр-Сұлтан);
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы);
- Қайнар академиясы (Алматы);
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау);
- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар);
- М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Тараз);
- Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті (Тараз);
- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (Семей);
- Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан);
- Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар);
- Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау);
- С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті (Ақтөбе);
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (Ақтөбе);
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал);
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал);
- Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал).
Бокстан (ерлер арасында) Х жазғы Универсиаданың қорытындысы бойынша 19 команда (90 қатысушы) арасында жалпыкомандалық есепте жүлделі орындар төмендегідей:
I орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы (Орал);
II орын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Тараз);
III орын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (Ақтөбе).
57 кг салмақ дәрежесінде БҚИТУ педагогикалық факультетінің магистранты Мулдашев Сагындык І орынды иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылтайшысы Рысбекова Ләззат Тұяқбайқызы жүлдегерлерді марапаттады.










