Профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы аясында, факультетімізде шақыртылған жетекші ғалымдардың дәрістерін оқу ісін ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді.
Тілдер және менеджмент факультетінің 7 мамандығының 2 курс студенттеріне «Философия» курсы бойынша кезекті дәрісті Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент В.А.Есенгалиева оқыды. Дәріс кезінде студенттерге Қайта Өрлеу кезеңі мен Жаңа заманның атақты ойшылдары Н.Кузанский, Д.Бруно, Р.Декарт, Б.Спиноза және т.б. туралы жан-жақты мәліметтер айтылды. В.А.Есенгалиеваның дәрісі мазмұнды түрде жеткізілгендіктен, студенттер ерекше ықыласпен тыңдады.