Қазақстан Республикасын реформалаудың жаңа бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К. Тоқаев еліміз үшін қиын күндері өзін нағыз көшбасшы және өз халқының лайықты ұлы ретінде көрсете білді. Оның еркі мен батылдығының арқасында біз дағдарысты еңсеріп, біртұтас ұлт ретінде топтаса алдық.
Дағдарыстың салдарын еңсеру, қоғамның бөліну себептерін жою, ұлттық және әлеуметтік тұрғыдан бірігу үшін жағдай жасау жөніндегі шаралар Президенттің батыл шешімі болып табылады.
Ел парламентінде сөйлеген сөзінде Қ-Ж.К. Тоқаев Қазақстан қоғамын жаңғыртудың бірқатар бағыттары мен қағидаттарын анықтады, олар шын мәнінде елді дамытудың кең ауқымды бағдарламасы болып табылады.
Президент сөзінің бірқатар тұстарына назар аударғым келеді:
Біріншіден, экономиканы макроэкономикалық реттеуге көп көңіл бөлінеді.
Баға белгілеу, инфляция, ұлттық валюта бағамы, тұтынушылық кредит беру мәселелері мемлекеттік экономикалық саясаттың басты назарында болуға тиіс.
Экономиканы және, ең алдымен, квазимемлекеттік секторды басқару жүйесі қайта ұйымдастырылатын болады.
Президент мемлекеттік қолдау мен несие беру, жекешелендіру, мемлекеттік сатып алу, қаржы қаражатын шетелге шығару мәселелерінде барынша ашықтық пен бақылау орнатуды талап етті.
Экономиканы әртараптандыру – аса маңызды ұлттық міндет, бұл жұмыстың негізгі бағыты өңдеу өнеркәсібін дамыту болып табылады.
Президент Қазақстанның ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты елдің азық-түлік қауіпсіздігіне де назар аударды.
Қ-Ж.К. Тоқаев нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезінде мемлекеттің кең қолдауына ие болған ірі бизнестің, олигархтардың әлеуметтік және ұлттық жауапкершілігі туралы мәселені қағидатты түрде қойды, енді олар елдің әлеуметтік саласын нығайтуды қамтамасыз етуге тиіс.
Президент ұсынған шаралар біздің егемендігіміз бен мемлекеттілігіміздің экономикалық негізі, орнықты дамудың, халқымыздың болашағының кепілі болып табылады.
Екіншіден, Президент жеткілікті ойластырылмаған немесе тиімділігі төмен шешімдер мен жобаларға байланысты мәселелерді жасырмай, LRT, утилизациялық алым, кеден бойынша нақты тапсырмалар берді.
Біз өзіміз жіберген қателіктерді өзіміз еңсеріп, өткеннің жүгінен арылуымыз керек.
Үшіншіден, Президент халық шаруашылығы кешенінің дамуымен тығыз байланысты әлеуметтік мәселелерге елеулі назар аударды.
Жұмыс орындарын құру, азаматтарды әлеуметтік қорғау, халықтың табысын арттыру бағдарламасы, басқаруды бюрократизмнен арылту, білім беруді дамыту, саяси жаңғыру біздің қоғамымызды ұйытудың, мемлекет пен халықтың мызғымас бірлігінің негізі болуға тиіс.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы ел Президентінің шешімдерін қолдайды және оларды жүзеге асыруға жан-жақты атсалысуға даяр.
Университет аймақтағы сапалы білім беретін ірі көпсалалы жоғары оқу орны болып табылады.
Біздің педагогикалық факультеттің түлектері аймақтағы мұғалімдер қауымдастығының маңызды бөлігін құрайды. Университет пен қала, облыс мектептері арасында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу, әдістемелік қамтамасыз ету, цифрландыру, жеке тұлғаға бағытталған оқыту бойынша жемісті ынтымақтастық орнатты. Мұғалім – бұл мектептің жүрегі, ал қазіргі мұғалім тек лауазымы бойынша ғана емес, сонымен бірге әрқашан жаңа білімді оқып, құра алатын білімі мен дағдыларына байланысты мұғалім болуы керек. Біздің ғылыми-педагогикалық ұжымымыз бұл міндетті орындай алатынына сенімдімін.
Біздің техникалық мамандықтарымыздың түлектері облысымыздың мұнай-газ, көлік, құрылыс, телекоммуникация салаларындағы негізгі қызметтік лауазымдарға ие. Бұл жетістіктердің негізінде университеттің дамыған материалдық-техникалық базасы, тәжірибелі инженер кадрлар және жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастығы тұр деп айта аламыз. Біз жаңа техникалық жоғары оқу орындарын ашу ісінде жәрдем көрсетуге дайынбыз және бұл Қазақстанның индустриялық дамуы үшін кадрлар даярлау ісінде өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенімдіміз.
Бүгінде әрбіріміз «халқымыз үшін не істей аламыз» деген сұрақ пен талап қойып, Қазақстанның дамыған және гүлденген елге айналуына бар күшімізді салумыз керек!
БҚИТУ ректоры, э.ғ.д., профессор Р.С. Габдуалиева