6В07301 “Сәулет” білім беру бағдарламасының студенттерін “Жас сәулетші” халықаралық байқауына қатысуға шақырамыз. Байқауды ұйымдастырушысы “Тамбов мемлекеттік техникалық университеті” (Тамбов қаласы , Ресей)
Байқаудың мақсаты-сәулет өнері саласындағы жас таланттарды анықтау, студенттердің сәулеттік шығармашылығы мен жобалық ойлауын насихаттау.
– өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды беру – 2025 жылғы 01 ақпаннан 30 маусымға дейін.;
– конкурс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау –
2025 жылғы 01-07 шілде аралығында.
Конкурсқа тіркелу және қатысу үшін электрондық пошта арқылы өтінім беру қажет youngarchitecttstu@yandex.ru