Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Батыс Қазақстан облысының Дін істер басқармасымен бірігіп жыл сайын жоспарға сайкес «Дін және қоғам» тақырыбында 1курс студенттері арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесуге Орал қаласы жастар ресурстық орталығының теолог маманы Әсет Исламбекұлы Раманкулов қатысып, университет студенттеріне «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясында және халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің, деструктивті діни ағым идеологиясы таралуының алдын-алу шаралары туралы дәріс оқыды.
Бұл шаранын негізгі мақсаты:
- жастардың патриоттық, саяси, рухани тәрбие алуына ықпал ету;
- студенттердің экстремизмге қарсы іс-әрекеттермен таныс болуы;
- заң бұзыушылықты алдын алу шараларын жасау, соның ішінде діни оқытулар мен студенттердің діни-экстермистік ұйымдардағы әрекеттері;
- дін мен дәстүр танымын жастар санасына сіңірту.
Жиын соңында университет студенттері тақырып төңірегінде сауалдар қойып, толық әрі нақты жауаптар алды.
Тәрбие және ұйыдастыру бөлімі
