Шетелдің беделді университетінде немесе Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде бір семестр білім алып, жаңа тәжірибе мен әсерге толы кезең өткізгің келе ме? Онда дәл қазір 2025–2026 оқу жылының екінші семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінім бер!
🧑🎓 Бағдарламаға қатыса алады:
- Бакалавриат және магистратура деңгейінің студенттері;
- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Орташа үлгерім көрсеткіші (GPA) 2,65 және одан жоғары;
- Шетелде оқуға ниеті бар студенттер үшін шет тілін меңгеру деңгейі Intermediate және одан жоғары;
- Институт деңгейінде конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер.
📝 Қатысу қадамдары:
- Өз институтыңда үміткерлер тізіміне тіркел;
- Қажетті құжаттар топтамасын әзірле (төменде көрсетілген тізім бойынша);
- Құжаттарыңды академиялық ұтқырлық бөліміне жібер.
📄 Қажетті құжаттар:
- Студенттің өтініші (белгіленген үлгіде);
- Ата-анасының өтініші;
- Транскрипт (мөрмен расталған түпнұсқа);
- Ұсыныс хат;
- Ағылшын тілі немесе басқа шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (бар болса);
- Жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі (шетелдік ұтқырлыққа арналған).
⏰ Өтінім қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 21 қарашаға дейін
📍 Байланыс ақпараты:
Академиялық ұтқырлық бөлімі: Назарбаев 194 даңғылы, 2-қабат, 211/2 кабинет
✨ Болашағыңа жол аш! Академиялық ұтқырлық – жаңа мүмкіндіктерге алғашқы қадам!