2021 жылдың 22 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәрістер сериясы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгінің иегері Жексенғалиев Болат Өтеғалиұлы «Қазақ тілінің ұлттық коды және қазақ жазуының мәселелері» атты дәріс оқыды. Дәріс ZOOM форматында өткізілді. Дәріске 50-ге жуық тыңдарман қатысты.

  Дәрістің мақсаты: қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің орны, бүгінгі күннің өзекті мәселесі латын қарпі, латын қарпіне (графикасына) көшудің ертеңгі болашағы мен қазіргі мәселесі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz