2021 жылдың 29 маусым күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алтын Орда мұралары: қазақ тарихы мен руханият көзі» атты халықаралық онлайн-конференция оздырылды. Халықаралық онлайн-конференция ZOOM форматында өткізілді. Конференцияға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, студенттер мен магистранттар қатысты.
Халықаралық онлайн-конференцияның мақсаты қазақ тарихы мен руханиятындағы Алтын Орда мұраларының алар орнын дәріптеу болып табылады.


