Облыстық әкімдікте орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі төрағасының орынбасары Е.Н. Құтпанбаевтың және ҚР «Охотзоопромының» басшысы Р.Я. Тлевлесовтың қатысуымен «Ақбөкендер популяциясының шамадан тыс өсуіне байланысты ветеринариялық тәуекелдер» тақырыбында Орал ақбөкендер популяциясының санын реттеу стратегиясы бойынша кеңесте сөз сөйледі.
Ағымдығы жылының 31 наурыз күні БҚО ветеринария басқармасында басқарма басшысы А.С.Бралиевтің төрағалығымен «Жануарлардың бруцеллез ауруына қарсы күрес шаралары» тақырыбында семинар – кеңес өткізілді. Басқарма басшысы кіріспе сөзінде облыс бойынша жануарлардың бруцеллез ауруының көрсеткіштері туралы баяндады.
Семинар-кеңес жұмысы облыстық ветеринария басқармасының қызметкерлері, аудандық ветеринариялық станциялар директорлары, БҚО аумақтық инспекциясы мен облыстық ветеринариялық зертхана қызметкерлері және «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мекемесінің БҚО филиалының мамандарының қатысуымен оздырылды.
Семинар-кеңесте Астана қаласындағы Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Аспен Абуталип баяндама жасап, қатысушыларды бруцеллез ауруы туралы және оның ел аумағындағы таралу жағдайымен, аурудан адамдар мен жануарларды қорғау және бруцеллезге қарсы ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру тәсілдерімен таныстырды.
Семинар-кеңеске қатысқан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Ветеринария және биотехнология» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Ғ.Абсатиров, Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор С.Г.Қанатбаев, «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ-ң БҚО филиалының басшысы А.Қ.Хайретдинов жануарлардың бруцеллез ауруына қарсы күрес шараларын ұйымдастыруға қатысты пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын айтты.
Семинар-кеңес барысында ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезіне қарсы күрес бойынша бірқатар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.