6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚРЗ «Білім туралы» Заңының (20.04.2023 ж. бойынша өзгертулер мен толықтырулармен), «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарының, сондай-ақ қолданыстағы ҚР нормативтік құжаттары негізінде әзірленді. Білім беру бағдарламасын құрудың мазмұны мен логикасы ҚР ғылым және жоғары білім Министрлігінің нормативтік талаптарына, жұмыс берушілердің талаптарына және университеттің ішкі ережелеріне байланысты. Білім беру бағдарламасын құра отырып, Салалық технологиялар институты мен ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы оқытудың қолданылатын технологияларын жоспарлаудың, әдістемелік қамтамасыз етудің заманауи ғылыми және іс жүзінде негізделген тәсілдерін қолданды. Мұндай тәсілдердің нәтижесі нормативтік және оқу құжаттарының академиялық тұтастығы болып табылады, ол жоғары деңгейде осы білім беру бағдарламасын іске асыру тетігін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Білім беру бағдарламасы білім алушылардың келесі екі маманданудың бірі бойынша өз дайындық бағытын таңдауын көздейді: «Өндірістік қауіпсіздік» немесе «Өндірістік экология». ББ қайта қарау барысында оған мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілді:
– «Өндірістік процестердің қауіпсіздігі», «Өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау”, «Әлемдік экология», «Еңбекті нормалау», «Табиғи және техногендік тәуекелдерді басқару» сияқты бірқатар қайталанатын пәндер алынып тасталды және осының есебінен бірқатар базалық, әсіресе бейіндеуші, «Ғимараттар мен құрылыстар өрттен қорғау» пәндері бойынша кредиттер көлемі ұлғайтылды;
– жұмыс берушілердің сұранысы бойынша «Сызба геометриясы және инженерлік графика», «Өнеркәсіптік және техникалық қауіпсіздік негіздері», «Электр қауіпсіздігі», «Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу және оларды техникалық жарақтандыру», «Ағынды суларды тазарту», «Қоршаған ортаның химиялық ластануы» сияқты бірқатар жаңа пәндер енгізілді;
– «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының кәсіби стандарттарының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында бірқатар базалық және бейіндік пәндердің мазмұны қайта қаралды (1-кесте).
Білім беру бағдарламасын әзірлеу, ұдайы мерзімдік қайта қарау және іске асыру кезінде жұмыс берушілермен ынтымақтастық жүйелі сипатта болады: білім беру бағдарламасының мазмұнын өңірдің жұмыс берушілерімен талқылау және келісу практикасы қалыптасты; жұмыс берушілерді оқу процесіне және практикаларды басқаруға тарту, оқытушылардың әдістемелік әзірлемелерін рецензиялау; жұмыс берушілерді мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамына қосу, жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасына қанағаттануына сауалнама жүргізу және бағалау.
Білім беру бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі білім алушылар Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының, сондай-ақ жалпы республиканың батыс өңірінің экономиканың түрлі салаларының жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарының қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде өтетін, практика базалары болып табылатын оқу және өндірістік практикалар.
6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі ББ оқу жоспары пәндерінің «Атамекен» ҚР ҰКП-ның кәсіби стандарттарына сәйкестігі
№ |
«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіптік стандарттардың атауы |
Оқу жоспары пәндерінің кәсіптік стандарттарға сәйкестігі |
1 |
Кәсіби стандарт: «Еңбекті қорғау». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 18.12.2019 ж. №255 бұйрығына №26 қосымша |
ББ «Еңбекті қорғау», «Тіршілік қауіпсіздігі», «Жұмыс орындарын аттестаттау әдістемесі» пәндері сәйкес келеді |
2 |
Кәсіби стандарт: «Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсету бойынша авариялық-құтқару қызметі». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 30.12.2019 ж. №270 бұйрығына №14 қосымша |
ББ «Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу және оларды техникалық жарақтандыру», «Төтенше жағдайда экономика объектілерінің тұрақтылығы», «Ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғау», «Жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейін көмек көрсетудің әдістемесі мен әдістері» пәндері сәйкес келеді. |
3
|
Кәсіптік стандарт: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 30.12.2019 ж. №270 бұйрығына №16 қосымша |
ББ «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және ТЖ саласында даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру» пәні сәйкес келеді |
4 |
Кәсіби стандарт: «Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілер, мұнай базалары мен автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 30.12.2019 ж. №270 бұйрығына №19 қосымша |
ББ «Өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама», «Экологиялық сараптама», «Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері», «Радиациялық қауіпсіздік негіздері», «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық және нормативтік актілер» пәндері сәйкес келеді. |
5 |
Кәсіби стандарт: «Газ тарату желілерін, газ тұтыну жүйелерін және газ толтыру станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 30.12.2019 ж. №270 бұйрығына №20 қосымша |
|
6 |
Кәсіби стандарт: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 30.12.2019 ж. №270 бұйрығына №24 қосымша |
|
7 |
Кәсіби стандарт: «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 30.12.2019 ж. №270 бұйрығына №25 қосымша |
|
8 |
Кәсіби стандарт: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 30.12.2019 ж. № 270 бұйрығына №26 қосымша |
|
9 |
Кәсіби стандарт: «Сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 26.12.2019 ж. №263 бұйрығына №6 қосымша |
ББ «Су ресурстарын қорғау», «Экологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық және нормативтік актілер» пәндері сәйкес келеді |
10 |
Кәсіби стандарт: «Ағынды суларды тазарту». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 26.12.2019 ж. №263 бұйрығына №4 қосымша |
ББ «Ағынды суларды тазарту» пәні сәйкес келеді |
11 |
Кәсіби стандарт: «Машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау». «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 30.12.2019 ж. №270 бұйрығына №9 қосымша |
ББ «Өндірістік қауіпсіздікті техникалық реттеу», «Техника мен технологиялар қауіпсіздігі», «Инженерлік құрылыстар және олардың қоршаған ортаға технологиялық әсері» пәндері сәйкес келеді
|