Жатақхана: Орал қаласы, Құрманағазы к-сі 177А мекен-жайында оқу корпусының қасында орналасқан ауданы – 1354,7 ш.м., 5 қабатты ғимарат. Пәтер типті барлық жағынан қолайлы. Бөлмелер саны – 20, орын саны – 80. Жатақханада демалыс бөлмесі және кір жуатын машина, үтіктеуге арналған үстелмен қамтамсыз етілген шаруашылық бөлмесі және т.б. бар.
ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ОРЫНДАРДЫ КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗІНДЕ АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒАН КОМИССИЯ ОСЫ ТӘРТІППЕН БӨЛЕДІ:
- мүгедектігі бар адамдарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек адамдарға (анықтама, құжат көшірмелері болуы тиіс);
- бірінші курсқа қабылданған, «Алтын белгі» белгісі бар білім алушыларға, президенттік, халықаралық және республикалық олимпиаданың және конкурстың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификаты бар білім алушыларға, сондай-ақ білімі туралы растайтын құжатпен (куәлік, аттестат, диплом) ұйымды үздік бітірген талапкерлерге;
- мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа қабылданған, ҰБТ немесе кешенді тестілеу, пәндер бойынша түсу емтихандары немесе білім беру ұйымы өткізген тестілеу нысаны бойынша жоғары балл алған білім алушыларға.
- оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар жоғары курс студенттері қатарындағы білім алушыларға;
ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
- Жатақханаға орналасуға үміткер студенттер университет ректорының атына белгіленген үлгідегі өтініш жазады. Университет жатақханасына орналасу үшін білім алушы келесі құжаттарды жинап, тапсыру қажет:
- Жеке куәлік (көшірмесі);
- Мекенжай анықтамасы немесе электрондық үкімет порталынан e/qov (наркологиялық науқастардың динамикалық бақылауда болмауы) туралы анықтама;
- Ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік (нотариуспен расталған) немесе қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан алынған анықтаманың түп нұсқасы (жетім студенттер үшін);
- ДКК анықтамасы (аурулар бойынша есепте тұрған студенттер);
- Отбасында 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала бар екендігі көрсетілген отбасының құрамы туралы анықтама (ХҚКО-дан анықтама).