2019 жылдың 11-16 наурыз аралығында Ресей Федерациясы Тамбов қаласының Тамбов Мемлекеттік техникалық университеті «Агроинженерия кафедрасының» доценті, техника ғылымдарының кандидаты Ведищев Сергей Михайлович Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университет оқытушыларына «Подготовка научной квалификационной работы» тақырыбында 36 сағаттық курс өткізді.
Тамбов Мемлекеттік техникалық университеті «Агроинженерия кафедрасының» доценті, техника ғылымдарының кандидаты Ведищев Сергей Михайлович университетімізде өткізілген «Инновационные технологии инженерии» атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Конференцияны өткізудің мақсаты- Қазақстан мен Ресей инженериясындағы технологиялық үдерістің инновациялық мәселелерін қарастыруға, сондай-ақ Ресейдің басқа да ЖОО-мен халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған.

