2026 жылдың қараша айында салалық – технологиялар инситуттының психологы Ф.Ж Разахова институтымыздың студенттеріне «Психологиялық денсаулық» , «Кибербуллинг немесе антибуллинг» атты профилактикалық іс-шара өткізді. Ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жоспарына сәйкес өткізілген шарада білім алушыларға қарым-қатынас, буллинг, кибербуллинг, моббинг, денсаулық, ментальды психология туралы презентациялау арқылы кеңінен түсінік береді. Шара ақпараттық- танымдық, құқықтық бағытта өтті. Студенттер тарапынан толғандырған сұрақтар қойылып, жауаптары алынды. Білім алушылар арасында психологиялық сұрақтар туындаған жағдайда факультеттің жауапты мамандарына жүгінуге болатынын және жедел байланыс номерлері берілді.


