Білім беру үдерісінде практикалық-бағдарланған оқыту тәсілін жүзеге асыру аясында БҚИТУ Салалық технологиялар институтының ветеринария және тағам өнімдерінің технологиясы кафедрасы 6В09103, 6В09104 Ветеринария білім беру бағдарламаларының 3-4 курс білім алушыларына арналған «Солтүстік ертегі» бұғы фермасында көшпелі сабақ ұйымдастырды.
Сабақ ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Е.У. Байтлесовтың жетекшілігімен өткізілді. Оның мақсаты – студенттердің кәсіби білімдерін кеңейту, практикалық дағдыларын қалыптастыру, солтүстік бұғыларды күтіп-бағу және өсіру ерекшеліктерімен таныстыру.
Фермаға бару барысында білім алушылар жануарларды күтіп-бағу, азықтандыру және күтім жасау жағдайларымен, солтүстік бұғылардың биологиялық ерекшеліктері мен мінез-құлық сипаттарымен тікелей танысуға мүмкіндік алды. Жануарлардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, азықтандыруды ұйымдастыру және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Фермаға бару студенттерге теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, жаңа кәсіби тәжірибе жинақтауға және мал шаруашылығының заманауи бағыттары туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Осындай практикалық-бағдарланған сабақтар білім беру үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олар білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және университеттің өндірістік саламен байланысын нығайтуға ықпал етеді.



