2026 жылғы 15-сәуірде БҚИТУ шет тілдері және аударма ісі кафедрасында филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аманбаева Зауре Жиеналиевна өткізген «Халықаралық емтихандарға дайындық» тақырыбында қонақ дәрісі  өтті.

Іс-шараға 6В01702 – Шет тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттері, сондай-ақ кафедраның жас оқытушылары қатысты. Дәріс барысында халықаралық емтихандарға дайындықтың негізгі аспектілері, оларды сәтті тапсыруға арналған заманауи тәсілдер мен практикалық ұсыныстар қарастырылды. Емтихан тапсырмаларын тиімді орындау стратегияларына және үміткерлердің жиі жіберетін қателеріне ерекше назар аударылды. Зауре Жиеналиевна өзінің практикалық кеңестерімен және кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, бұл аудитория тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Қатысушылар ұсынылған ақпараттың өзектілігін және оның болашақ оқу және кәсіби қызмет үшін практикалық маңызын атап өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz