2026 жылғы 27 наурызда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасымен «Ғылым, технологиялар және жалпы эрудиция» атты интеллектуалдық квиз өткізілді.

Квизге Орал қаласының колледж студенттерінен құралған 14 команда қатысты. Іс-шара белсенді әрі достық атмосферада өтті, қатысушылар өздерінің білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Квиз бағдарламасы логика және жалпы эрудиция бойынша бірнеше кезеңнен тұрды. Барлық командалар жоғары қызығушылық танытып, тапқырлық пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанып, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы номинациялар табысталды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz