“Сәулет және құрылыс” кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, сондай-ақ Орал қаласының бір кездері бас сәулетшісі Болат Турсунбайұлы Утегеновтың 70 жылдығына орай мерей тойына арналған  іс – шарасысы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің конференц-залында өтті.

Шараға біздің университеттің құрылтайшысы Бозымов Қазыбай Қараевич, Қазақстан сәулетшілер одағының вице-президенті Маметов Аркинжан Ахметжанович, Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы – Кубаев Бекболат Максимович, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, отбасы мүшелері және жақын достары қатысты.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы сәулетшілер одағының төрайымы Сарсенғалиева Майра Ғұмарқызының, әріптестер мен алғыс білдірген студенттердің жылы лебіздері жолданды!

Іс-шара барысында қатысушыларға мерей той иесінің Орал өңірінің сәулеттік келбетін дамытуға қосқан көп жылдық үлесі туралы еске баяндалды. Оның кәсіби қызметінің негізгі кезеңдері, көрнекті жобалары және заманауи қалалық ландшафтты қалыптастырған сәулеттік шешімдері қамтылды. Оның жас мамандарды дайындаған тәлімгер және педагог ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Университет басшылығы оның сәулет мектебін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, еңбектерінің маңыздылығын атап өтті және қаланың мәдени мұрасын сақтау мен жас ұрпақтың сабақтастығын қамтамасыз еткені үшін алғыс білдірді.

ҚР Сәулетшілер одағының Вице-президенті – Мәметов Аркинжан Ахметжанұлы мерейтой иесіне “ҚР Сәулетшілер одағының Алтын дипломын” құттықтап, табысталды. Әкімдік қызметкерлері көп жылдық ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтіп, мерейтой иесінің сәулеттік шешімдерінің қалалық инфрақұрылымды дамытуға және қалалық орта сапасын жақсартуға әсері туралы айтты.

Кездесу соңында естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, көптеген қала тұрғындарының қуанышына айналған, жүзеге асырылған жобалардың көрмесі ұйымдастырылды. Бейнебаяннан қонақтар Булат Турсунбайұлының таңғаларлық шығармашылық өмірі туралы мағлұмат алды!

Мерей той иесіне мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, таусылмас энергия және отбасылық амандық тілейміз!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz