Салалық технологиялар институтының маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасының мамандары 2025 жылдың 10–14 қараша аралығында Атырау қаласындағы мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесіп, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуді мақсат етті.
Кездесу барысында қатысушылар бүгінгі күні қандай мамандықтардың сұранысқа ие екендігін, сондай-ақ заманауи технологиялар, деректер аналитикасы мен жасанды интеллект кәсіби бейімділікті дәлірек анықтауға қалай көмектесетінін білді. Ерекше көңіл БҚИТУ білім беру бағыттарына, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерге және университетте оқудың артықшылықтарына аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: мектеп оқушылары мен колледж студенттері белсенді түрде сұрақтар қойып, өз армандарымен және болашаққа қатысты ой-толғаныстарымен бөлісті. Жылы әрі шабыттандыратын атмосфера әрбір қатысушыға өз мақсаттарына саналы және нық қадаммен ұмтылуға күш жігер берді.

