Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті жастарға болашақ мамандығын таңдауда қолдау көрсетуді жалғастыруда. Кәсіптік бағыт бағдар беру жұмысы аясында маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасы мектептің жоғарғы сынып оқушылары және колледж студенттерімен кездесулер өткізіп, олардың болашақ мамандығы мен кәсіби даму жолын саналы таңдауына жәрдемдеседі.
2025 жылдың 10–14 қараша аралығында маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасы Ақтөбе қаласындағы мектептер мен колледждердің оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Болашақ мектеп және колледж түлектері БҚИТУ-дың білім беру бағдарламаларымен, заманауи оқыту тәсілдерімен және университет студенттеріне ұсынылатын мүмкіндіктермен танысты.
Мұндай кездесулер мектеп, колледж және университет арасындағы байланысты нығайтады, оқушылар мен студенттерге батыл ойлауға, кең ауқымды мақсат қоюға және саналы болашақ құруға шабыт береді.
БҚИТУ кәсіптік бағыт бағдар беру жобаларының географиясын кеңейтіп, жастармен жаңа форматтағы байланыс орнатуды жалғастыруда. Өйткені дәл бүгінгі мектеп және колледж түлектері ертеңгі елдің білікті мамандары болып қалыптасады.


