2025 жылдың 14 қазанында «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, «Үкілі Үміт» республикалық және «Тұран» халықаралық сыйлықтарының лауреаты Қуандық Насихатұлы Мәдірдің мерейтойлық жеке көркемсурет көрмесінің ашылуына қатысты.

Көрме Атамекен Өнер Ордасы көрме залында өтіп, автордың ұлттық дәстүрлер мен заманауи көркемдік көзқарасты ұштастырған кескіндеме және графикалық туындыларын ұсынды.Бұл іс-шара студенттер үшін ерекше мәдени оқиға болып, олардың шығармашылық шабытын арттырды және өнер әлеміне деген қызығушылығын күшейтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz