2025 жылдың 24-қаңтарында Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі «Мамандық марафоны» тақырыбында жоғары оқу орындарының кәсіби бағдар беру мамандарымен кездесу өткізді. Шараға БҚИТУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен мектептің 11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының кәсіптік бағдар беру маманы Р.С. Ислямов оқушыларға институт туралы толық ақпарат беріп, білім беру бағдарламалары бойынша пәндерді таңдау ерекшеліктерін түсіндірді.

