2024 жылғы 22 қарашада “Сәулет және құрылыс” кафедрасының аға оқытушысы, жерге орналастыру ғылымдарының магистрі Избасова Г.Ш. АРХ-23О тобының студенттеріне ” Теодолиттік жүрістерді өңдеу есептері» ашық практикалық сабақ өткізді.

Ашық сабақты өткізу нәтижесінде қойылған мақсаттар толық көлемде орындалды, нүктелер координаттарының кері есебін есептеу арқылы тұйық теодолиттік жүрістің дұрыс шешімі есептелді. Қорытындылау кезінде студенттер теодолиттік жүрістерді өңдеу есептері саласында жақсы білім көрсетті.

Сабаққа “Сәулет және құрылыс” кафедрасының оқытушылар құрамы және 2 курс студенттері қатысты.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz