Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Құрманғазы 177а көшесі бойындағы оқу ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық  тілдерді дамыту басқармасы 2017 жылдың 23 қазан күні «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде»  атты тақырыптарда республикамызға танымал Досмаханбет Қалмаханұлы Көшім, Абдірашит Бәкірұлы Абдраимов және Мұрат Бөкенбайұлы Сабыр лингвист ғалымдар мен саясаткерлердің қатысуымен танымдық семинар кездесу өткізді.

Аталған кездесуге cтуденттер, тілші мамандар, ғалымдар, орта және жалпы, жоғары білім беру ұйымдарының педагогтары, мемлекеттік мекемелерінің іс-жүргізуші мамандары, арнайы осы мәселелермен айналасатын басқада мамандар, тіл жанашырлары шақырылды.

Кездесудің мақсаты: мемлекеттік тілді маңызын насихатау, қазіргі қоғамда кеңінен талқыланып отырған латын әліпбиіне қатысты мәселесіндегі өзекті тақырыптарды талқыға шығарып, мәнін ашу, түйінді мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру, латын әліпбиін қолдау идеясын насихаттау.

Кездесу семинарларында қарастырылған мәселелер:

  • Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы ұлттық код, ұлттық мәселелерден туындайтын міндеттер;
  • Мемлекеттік тіл саясатын қолдау, әліпби таңдаудағы негізгі ұстанымдар мен әлемдік тәжірибелердің маңызы;
  • Мемлекеттік тіл саясатын дамытудағы латын әліпбиіне көшудің маңызы;
  • Мемлекеттік тілді дамыту республикада тұратын барлық ұлт өкілдерін біріктіруші фактор екенін кеңінен насихаттау.

Жоғарыда айтылған мақсат, міндеттерге орай, орыс тілді азаматтар басым тұратын аймақтарда   «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп аталатын дөңгелек үстелдер мен орыс тілді студенттердің арасында  кездесу-семинарлар өткізу қажеттілігі анық байқалды. Дөңгелек үстелге қатысушы орыс тілді азаматтар мемлекеттік тілдің бүгінгі жағдайын талдап, оны меңгерудің тиімді жолдарын бірлесе анықтады.

Семинар кездесудің тағы бір міндеті – осы іс-шаралар арқылы орыс тілді аймақтардағы бүгінгі мемлекеттік тілдің жағдайын, оны меңгерудегі өзекті мәселелерді анықтау. Кездесу барысында тілдік жағдайды жақсартудың жаңа жолдарын іздестіру, азаматтық қоғам өкілдерінен қазақ тілін үйрену бағытындағы сан түрлі тәсілдер мен ұсыныстар алу және латын әліпбиіне көшудегі азаматтық қоғам өкілдерінің санасын жаңғырту.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz