Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай.
Иә, көне шаһар төріне өзінің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі.
Ұлттық құндылығымызды дәріптей отырып, жастардың шығармашылығын дамыту, олардың бойында өнегелік қасиеттерді қалыптастыру және өнерге баулу мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті «Тілдер және менеджмент факультеті» мамандықтарының 1-3 курс студенттері арасында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы – 2017» сайысы «Мәдени-тынығу жұмысы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілді.
Сайысқа әр мамандық студенттерінен 7 жұп қатысып, 5 кезең бойынша
1.«Тегімді менің сұрасаң…» (өзін таныстыру)
2.«Болмасаң да ұқсап бақ,...» (пародия сайысы)
3.«Қозғалыссыз өмір жоқ,…» (би сайысы)
4.«Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
5. Қолөнер – үй тапсырмасы (жеміс-жидек, көкөністерден және табиғи материалдардан) өзара бақтарын сынады.
«Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай» демекші, факультет студенттері жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, «Күз ханзадасы мен ханшайымы – 2017» болуға талпынғандар сайыста бойындағы өнерлерін көрсетіп, үздік атануға аянып қалмады. Әр кезеңде олар өздерінше ерекшеленді.
Тартысты да қызықты өткен сайыстың қорытындысында қазылар алқасының шешімімен «Ең үздік таныстырылым» номинациясын «Аударма ісі» мамандығының студенттері Афросин Дмитрий мен Давлетниязова Гаухар, «Ең үздік пародия» номинациясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері Мирамбаев Жиенбай мен Жарылғасова Аружан, «Ең талантты биші жұп» номинациясын «Шет тілі» мамандығының студенттері Садыханов Әбілқайыр мен Джонисова Дана, «Ерекше сән үлгісі» номинациясын «Экономика» мамандығының студенттері Жанбатыров Алихан мен Новрузбай Бақтыгүл, «Ең шығармашыл жұп» номинациясын «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студенттері Абдрешов Мурат пен Тощева Нина, «Ең әдемі жұп» номинациясын «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студенттері Қойлыбаев Айбек пен Тәжіғалиева Аяжан иеленсе, «Есеп және аудит» мамандығының студенттері Ниетқали Әди мен Қалиуллина Аида «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атанып, көпшіліктің құрметіне бөленді.
Сайыс көрермендердің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті.




