2017 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық байқауына Инженерлік-технологиялық факультетінің техника және технологиялар кафедрасынан 5В072900 «Құрылыс», 5В072400 «Технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар», 5В071800 «Электр энергетикасы», 5В070800 «Мұнай газ ісі», 5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», 5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы», 5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарында білім алатын студенттері қатысқан болатын. Республикалық байқау қорытындысы бойынша біздің екі студенттеріміз жүлделі орындарды иеленіп, Білім және Ғылым Министрлігі атынан дипломмен марапатталды:
– «Құрылыс» мамандығының 3 курс студенті Серікқалиева А.Қ. II дәрежелі дипломмен, тақырыбы «Керамикалық кірпіш технологиясын өндіріс қалдықтарын қолдану арқылы жетілдіру» (ғылыми жетекшісі магистр, аға оқытушы Беккалиев Н.М.)
– «Технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар» мамандығының 3 курс студенті Енсеп Д.Қ. III дәрежелі дипломмен, тақырыбы «Резервуар түбіне шөбінді қалдық қоспалар тұнуын болдырмау жолдарын қарастыру» (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Губайдуллин К.Ж.)
Оқытушылар құрамының жетекшілігімен студенттердің бірлесе отырып жұмыстанған ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық деңгейде мараппатталуы біздің университетіміз үшін үлкен жетістіктіктердің бірі. Бұл нәтиже сонымен бірге оқу орнымыздың қабырғасында білім алып жатқан студенттерімізге ғылыми-зерттеулерге деген қызығушылықтарын одан әрі жетілдіруге ынталандырады.
Жеңімпаздарды байқауда иеленген жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз, ғылыми жұмыспен айналысатын студенттерге шығармашылық табыстар, сәттілік тілейміз!!!

