26.02.24 ж. сағат 12.00-де 6В07302-Құрылыс білім беру бағдарламасының білім алушыларымен ” Жастар есірткіге қарсы!» атты кураторлық сағат өтті.
Мақсаты: есірткіден бас тартудың тұрақты дағдысын қалыптастыру және жаман әдеттерге белсенді қарсы тұра білу.
Кураторлық сағат алдағы 1 наурыз-Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орайластырылған
Іс-шара барысында есірткі құралдарының түрлері, есірткіні қабылдау себептері және олардың зиянды салдары туралы бейнефильм мен презентациялар қаралды. Білім алушылар қазіргі жастар арасында нашақорлық мәселелерін белсенді талқылады.

