2023 жылдың 19 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Ресей ғылым академиясының академигі, Мичурин атындағы мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Анатолий Иванович Завражнов және Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің агроинженерия кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Сергей Ведищев Михайловичпен, сонымен қатар БҚИТУ құрылтайшысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Бозымов Қазыбай Караевичтің қатысуымен халықаралық ғалымдар кеңесі өтті.

Халықаралық кеңестің негізгі мақсаты ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау болды.

“Біздің университет үшін ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту маңызды. Сондай – ақ бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, ғылыми конференциялар мен форумдар аясында тәжірибе алмасуға, жас ғалымдардың ынтымақтастығын дамытуға, болашақта бірлескен зерттеулер жүргізуге мүдделіміз”, – деп атап өтті БҚИТУ ректоры Шакешев Бекболат Теміржанұлы.

Халықаралық кеңесте Ресей Федерациясының ғалымдары Завражнов Анатолий Иванович пен Ведищев Сергей Михайловичке “БҚИТУ құрметті профессоры” атағы берілді

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz