2023 жылдың 24 мамырында QAZPATENT жанындағы Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен онлайн конференция оздырылды. Конференцияда өнірлік ТИҚО жұмыстарын оңтайластыру мен қолдау көрсету, сонымен қатар, патенттік зерттеулер жүргізу бойынша курстар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Конференцияға біздің университеттің Инжинириг және кәсіби сертификаттау орталығының жетекшісі де қатысып, өз ойларымен бөлісті.