Құрметті абитуриенттер!  Шын жүректен Сіздерді бірінші маңызды мерейтоймен – мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймын!

Көпшілігіңіз өзіңіздің міндетіңізді лайықты атқарып, ҰБТ –ні жақсы тапсырдыңыз! Бүгін сіздердің алдарыңызда мүмкіндіктерге толы үлкен өмірге есік ашылуда. Оқуды әрі қарай жалғастырамын дегендерге – жоғарғы оқу орындарына түсуге болады. Сіз мүлдем басқа өмірге бет бұрасыз және Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің үлкен ұжымының атынан әрбіреуіңізге басты мақсаттарыңызға жетіп, өз жоспарларыңыздың орындалуын тілеймін.

Біздің университеттің құрамына  4 факультет және 4 колледж кіретін,  көп салалы білім беру кешені болып табылады. 40 білім беру бағдарламаламасы бойынша, инженерлік, гуманитарлық, экономикалық, педагогикалық саласындағы оқытуды  ұсынады .

Білім берудің көпдеңгейлі жүйесі, білім беру бағдарламаларының және мамандықтарды дайындау бағыттарының алуан түрлілігі университетте кең көлемде мамандар дайындауды қамтамасыз етеді. Университетте жеке тұлғаның кәсіби және үйлесімді дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Студенттердің тәрбие жұмысы, дене шынықтыру, бос уақыттары мен демалыс уақыттарын өткізуге үлкен назар қойылған. Біздің университет студенттерінің өмірі алуан түрлі шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу, белсенді әрі қызықты демалыстары жарқын оқиғаларға толы.

Алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуы мен өмірде дұрыс жол таңдауыңызға тілектеспіз!

Үлкен қуанышпен Сіздерді біздің университетімізде күтеміз!

 

                  БҚИТУ ректоры  Р.С. Габдуалиева

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz