2016 жылдың 8 сәуірінде тілдер және менеджмент факультеті шеңберінде Батырхан Шукеновтың шығармашылығына қатысты кеші өткізілді.
2015жылдың 28 сәуірінде кеште атақты әнші және «А‑Студио» тобының негізін қалаушы Батырхан Шукеновтың жүрегі тоқтап қалды. Ол не бәрі 52 жаста болатын. Әнші өзінің Мәскеудегі пәтерінде жедел жәрдемдегі дәрігерлердің қолында инфарктан қайтыс болды.
Қазақстан халқы Батырхан Шукеновтың шығармаларын сүйіп тындайды, сонымен Қазақстаннан тыс жерлерде де атағы әлемге әйгілі.
Барлығымызға белгілі БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ҚР-дағы өкілдігі әйгілі әртіс Батырхан Шукеновты бірінші Қазақстандағы ЮНИСЕФ ерікті Ұлттық елшісі деп атады.
Батырхан Шукеновтың аяқ асты қазасы оның туған туыстарына,қызметтестеріне, табынушыларына үлкен қайғы алып келді.
«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы студенттері Батырхан Шукеновтың шығармашылығына арналған презентациялар дайындап, оның өмірбаянын баяндады. Оның шығармашылығынан әндер айтылып, өлең жолдары оқылды.





