2016 жылдың 5 сәуірі күні «Тілдер және менеджмент» факультетінің «Мәдени-тынығу жұмысы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ХХІ ғасырдағы жастар және ғылым» конференциясы аясында «Мәңгілік Ел» құндылықтарының принциптері негізінде қоғамның біртектілігі мен біртұтастығын нығайту» тақырыбындағы секция отырысы өткізілді. Секция отырысына  кафедра оқытушылары мен  студенттері қатысты.

03

Секция отырысын кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к. Ж.К.Хайрушин ашып, конференция тақырыбының өзектілігін айта отырып, ғылым мен техниканың дамыған ғасырында ғылыммен шұғылданудың маңызды екендігін айта келе студенттерді осындай ғылыми шараларға белсене қатысуға шақырды.

02

Жалпы секция отырысында 17 ғылыми баяндама тыңдалынып, олар өзектілігі, ғылыми жаңалығы, материалды сауатты баяндау, үздік презентация, тақырыпты жан-жақты аша білу секілді өлшемдермен бағаланды.

01

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz