Комиссия өз қызметінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, 2015 жылы Еревандағы министрлер конференциясы мақұлдаған еуропалық жоғары білім кеңістігінде (ESG) жоғары білім сапасын қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтары, сондай-ақ БҚИТУ Жарғысын, БҚИТУ ішкі нормативтік құжаттарын және факультеттің сапаны қамтамасыз ету комиссиясының кызметі туралы ережені басшылыққа алады.
Сапаны қамтамасыз ету комиссиясының жұмысын ұйымдастыру:
- Факультеттің сапаны қамтамасыз ету Комиссиясы факультет деканының өкімі негізінде оқу жылына құрылады;
- Сапаны қамтамасыз ету комиссияның құрамына оқытушылар, студенттер, магистранттар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, факультеттің академиялық қызметкерлері кіре алады. Комиссияның құрамы мен құрылымын әр факультетте өздігінен шешіледі;
- Факультеттің сапасын қамтамасыз ету комиссияның жұмысы оның төрағасы оқу жылына бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.
Сапаны қамтамасыз ету комиссия қызметінің бағыттары:
– Факультеттің кафедралары мен құрылымдық бөлімшелеріне ішкі аудит жүргізу; факультеттің сапасын қамтамасыз ету комиссия қызметіне байланысты құжаттардың нысандарын әзірлеу және бекіту;
– Факультеттің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен іске асырылу шарттары, бағалау саясаты және факультеттің басқа да академиялық мәселелері бойынша алқалы шешім қабылдау;
– Факультет білім алушыларына жүргізілген білім беру бағдарламаларының және (немесе) пәндердің / модульдердің сапасын бағалау бойынша академиялық адалдықты бұзу фактілерінің бар болуына сауалнама нәтижелерін талдау; сауалнама қорытындылары бойынша түзету іс-шараларының жоспарын әзірлеу және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
– Мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өту мақсатында білім беру бағдарламаларының өзін-өзі бағалауы бойынша факультеттің есептерін, білім беру бағдарламаларының аккредиттеуден кейінгі мониторингі бойынша факультеттің есептерін дайындауды ұйымдастыру және бақылау;
– Факультетте ESG стандарттарын іске асыру мониторингі;
– Факультеттің білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.