20.01.2025ж. күні  Мұнай-газ инженериясы кафедрасы «Қазіргі заманғы мұнай-газ саласының сын-қатерлері мен даму перспективалары» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерімен бөлісу, тәжірибе алмасу.

Семинар барысында кафедраның жоспарға сәйкес атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, шаруашылық келісімшарт (хоздоговор) негізінде орындалып жатқан ғылыми жұмыстар, сондай-ақ бастамашыл тақырыптар бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер талқыланды. Кафедра оқытушылары аталған бағыттар бойынша қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Сонымен қатар, докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша есептік баяндамаларын (отчеттарын) қорғады. Қорғау барысында диссертациялық зерттеулердің негізгі нәтижелері, қолданылған әдістері мен алынған ғылыми тұжырымдар ұсынылып, қатысушылар тарапынан пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Семинар жұмысына кафедра профессор-оқытушылары, докторанттар, магистранттар және Салалық-технологиялар институтының  Ғылым бөлімінің  жетекшісі қатысты.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz