Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жан – жақты қолдау мақсатында жұмыс орындарын ұсыну жөніндегі Жолдауын орындау шеңберінде-мемлекеттің басты міндеттерінің бірі 18 бен 35 жас аралығындағы жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру болды.

2025 жылғы 5 желтоқсанда “БҚО әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының” еңбек ұтқырлығы орталығы “КММ” Орал қаласының Карьер орталығы” филиалы Орал қалалық жастармен істер жөніндегі ақпараттық-талдау және ресурстық орталығымен бірлесіп Құрманғазы көшесі 173а мекенжайында орналасқан Орал қаласының Карьер орталығы ғимаратында Бос орындар жәрмеңкесі мен ашық есік күнін ұйымдастырды және өткізді.

Аталған іс-шараға Орал қаласы мен облыстың 20-дан астам кәсіпорындары мен мекемелері шақырылды, олар біздің сұранысқа ие білім беру бағдарламаларымыз үшін бос орындарды ұсынды: 6В07201-Мұнай –газ ісі, 6В07102-Электр энергетикасы, 6В04202-Құқықтану, 6В07301–Сәулет, 6В07302-Құрылыс, 6В07101-Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 6в09103-Ветеринария және 6в11201-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, 6В06104-Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер және 6В07104-Технологиялық машиналар мен жабдықтар.

Облыстың кәсіпорындары мен мекемелерінде кәсіптік практикадан өту саласындағы ынтымақтастықтан басқа, білім алушыларды нақты жағдайларда мамандық бойынша жұмысқа практикалық даярлауға ықпал ете отырып, түлектерімізді жұмысқа орналастыру бойынша тығыз қарым-қатынас орнатамыз.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz