Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасының мамандары Орал қаласы мектептерінің №8, №12, №14, №18, №31, №42, Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы, эстетикалық бағыттағы гимназиясының бітіруші сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға БҚИТУ-ға дайындық бағыттары, қабылдау шарттары және білім беру мүмкіндіктері туралы пайдалы және өзекті ақпарат берілді. Гранттардың әртүрлі түрлеріне түсу мүмкіндіктеріне, сондай-ақ университеттегі студенттік өмірдің артықшылықтарына ерекше назар аударылды.
Болашақ талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, талқылауға белсенді қатысып, қызығушылық танытты. Мұндай кездесулер оқушыларға мамандықтар әлемінде бағдарлануға және болашақ мамандықты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.