27 қараша күні БҚИТУ ИТФ кітапханасында «ӨТКЕН МЕН БОЛАШАҚ БІР КӨШБАСШЫМЕН» атты Қазақстан республикасының Тұңғыш президент күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты- Ел басының идеялары мен саясаты, қоғамда жас ұрпақтың арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Көрмеде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тәуелсіздік жылдарындағы өмірі мен қызметі, отандық және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы кітаптар насихатталды. Көрмені факультеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер тамашалады.
