2022 жылғы 12 қазанда ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы және ҚазПАТЕНТ ынтымақтастығымен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) ұйымдастырған Қазақстандағы технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) ұлттық желісін дамыту мәселелері бойынша онлайн вебинар өтті.
Вебинар отырысында ДЗМҰ, технологиялық ақпарат секциясының жетекшісі — Муссадик Хуссейн, және ДЗМҰ, ТИҚО дамыту секциясы, бағдарламалар жөніндегі қызметкер — Натали Монтильо баяндама жасады.
Вебинар жұмысына БҚИТУ ИГФ инжиниринг және кәсіби сертификаттау орталығының басшысы К.А. Ихсанов қатысты.
Вебинар қорытындысы бойынша, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті де мүше болып табылатын Қазақстандағы технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) ұлттық желісін одан әрі дамыту туралы шешім қабылданды.

