Гуманитарлық және құқықтану пәндер


Қадыргалиев Нурбулат Мендыгалиұлы
Гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор

 

Гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасы 6В04201 “Кеден ісі”, 6В04203 “Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу”, 6В04202 “Құқықтану” мамандығы бойынша мамандарды даярлапшығарушы кафедра болып табылады. Мектепті бітіргеннен кейінгі оқу орнын дұрыс таңдау өмірдегіеңмаңыздышешімдердіңбіріболыптабылады. БатысҚазақстанинновациялық-технологиялықуниверситеті – дәлосындайдарындыжәнебілімгеқұштарстуденттергебарлықмүмкіндіктержасалғаноқуорны.

Гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасы кәсіби құзыреттілігі жоғары, бүгінгі нарық талабына сай келетін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды. Кафедрада 27 оқытушы, оның ішінде 2 доктор, 7 ғылым кандидаты, 9 профессор, және 5 магистр және 12 аға оқытушы жұмыс жасайды. Кафедра оқытушылары жыл сайын өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып отырады, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен инновациялық байқауларға қатысады.

 

Оқу-әдістемелік жұмыс

Бүгінгі күні университет дәстүрлі әдістемелерден оқытудың белсенді түріне ауысқан шақта ЖОО-да оқу қызықтырақ. Оқу жұмысы оқу стандарты мен мамандықтардың оқу жоспарына сай жүргізіледі.Кафедра ұжымы кафедра бағдарына сәйкес оқу әдістемесін жетілдіру, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру және білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар, кәсіби-әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру бойынша оқу-әдістемелік конференцияларға белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары мультимедиялық технологияларды қолданумен инновациялық түрдегі сабақтарын өткізеді, іскерлік ойын, презентациялар, пресс-конференциялар мен миға шабуыл әдістерін пайдалана отырып, пікірталас түрінде ашық сабақтарын өткізеді. Жыл сайын кафедра оқытушылары оқыту пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды шығарады.

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра мен факультеттің жылдық және перспективті жоспарына сәйкес орындалады.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – оқу үрдісіне ғылыми жобаларды енгізу бойынша зерттеулер жүргізу және профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру.

Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми конференция жинақтарында, ҚР БҒС Бақылау комитетімен ұсынылған басылымдарда жарияланады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына да көп көңіл бөлінеді. Студенттік ғылыми жұмысқа оқытушылар ғылыми үйірмелер жетекшілері, дипломдық жобалар мен практика жетекшілері ретінде қатысады. «Атамекен» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша студенттер жыл сайын университеттің ғылыми конференциясына, ҚР БҒМ республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына, «ЗИЯТ» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) өткізілетін «Научный взгляд: идеи, исследование, инновации» республикалық байқауларына, «Perspektiva plus» (Чехия) халықаралық инновациялық орталығында өткізілетін оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстарының халықаралық байқауына, «Menin Armanym» жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауына, «Interclover-2019» (Мәскеу, Нижний Новгород, Санкт-Петерург) ЖОО студенттері жобаларының халықаралық байқауына қатысады.

 

Кәсіптік практика

Білім алушылардың кәсіптік практикасы жоғары оқу орнында оқу барысында алынған білімін бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және тиімді тәжірибені меңгеруге бағытталған. Кафедра мамандықтары студенттері БҚО бойыншаМемлекеттік кірістер департаментінде, брокерлік компанияларда практикадан өтеді.

 

Тәрбие жұмысы

Гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасыныңстуденттердің шығармашылық белсенділіктерін дамытуға мүмкіндік беретін барлық жағдайларды жасайды. Студенттік өмір бұл – білім мен кәсіби дағдыларды меңгеру үдерісі ғана емес, сонымен қатар адамның жеке дамуы мен қалыптасуының, оның болашақ әлеуметтік және мәдени мәртебесін анықтаудың маңызды кезеңі. Сондықтан студенттердің бос уақытын ұйымдастыру білім беру үдерісінде маңызды рөл атқарады.

Топтардағы оқу және тәрбие жөніндегі міндеттерді шешу мақсатында эдвайзерлер жұмыстың әр түрлі әдістері мен түрлерін пайдаланады, солардың ішіндегі негізгілері: ғылыми қоғамдарда жұмыс істеуге студенттерді тарту, пікірталастар, Ұлы Отан соғысының, спорт, еңбек ардагерлерімен, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, тарихи орындарға экскурсиялар, мәдени сапар-жорықтар және т.б.

Студенттер жыл сайын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен пәндік олимпиадаларға және инновациялық байқауларға қатысып отырады.

 

  Аты-жөні Лауазымы Ғылыми дәрежесі
Кадыргалиев Нурбулат Мендыгалиевич Кафедрасының меңгерушісі, профессор т.ғ.к.
2 Габдуалиева Раушан Смадиновна Профессор э.ғ.д
3 Каиржанова Солидат Елегеновна Профессор з.ғ.д.
4 Кусаинов Рахметулла Доцент п.ғ.к.
5 Шканова Бакыт Ажгуловна Доцент ф.ғ.к.
6 ЖумаевЖеткиншикЖумаевич Доцент э.ғ.к
7 Байтукпаев Джаксылык Искакович Доцент з.ғ.к.
8 Кульматов Сагындык Яраспаевич Доцент ф.ғ.к.
9 Юров Олег Винальевич Доцент с.ғ.к
10 Габдуалиев Мереке Тлекович Аға оқытушы з.ғ.к. РФ
11 Тулеугалиева Жазира Калеловна Аға оқытушы магистр
12 Курманова Жанара Бурамбаевна Аға оқытушы магистр
13 Разахова Фарида Жаксылыковна Аға оқытушы магистр
14 Сарсенова Айнур Жексенбаевна Аға оқытушы магистр
15 Таужанов Акылбек Мекеевич Аға оқытушы  
16 Джуламанов Сабыржан Серикович Аға оқытушы  магистр
17 Джальмишев Махамбет Сагатович Аға оқытушы  
18 Аралбеков Галымжан Бахитович Аға оқытушы  
19 Айманов Жанболат Турениязович Аға оқытушы  
20 ИхсановаБибигульХакимовна Аға оқытушы  
21 Шалаев Булат Бердекешович Аға оқытушы  
22 Ертлеу Каиргалий Муратович Аға оқытушы  
23 Султангалиева Алмагуль Амангельдиевна Аға оқытушы  
24 Сейтимова Ляззат Галимовна Аға оқытушы  
25 Карагойшина Майра Муратовна Аға оқытушы  
26 Ганиева Альбина Сериккалиевна Аға оқытушы  
27 Жансултанова Гульназ Сериковна Аға оқытушы  

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz