2020 жылы 19 қазанда Хантсвиллдегі Алабама университетінің жобалар байқауына қатысу мәселесі бойынша Батыс Қазақстан инновациялар және технологиялар университеті оқытушыларының кездесуі өтті. Бұған дейін біздің университеттер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
БҚАТУ жобасына қатысудың бастамашысы – педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының профессоры, Францияның Конкорде Халықаралық академиясының корреспондент мүшесі, «Болашақ» президенттік бағдарламасының түлегі Айслу Ахмадиқызы Тасимова болды.
Біздің университет серіктестік ретінде құжат тапсыруға және конкурсқа қатысуға ұсыныс алды. Грант алған жағдайда, тілдік емес пәндердің оқытушылары мен ЖОО студенттері өздерінің ағылшын тіліндегі білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Хантсвиллдегі Алабама университетінің оқытушылары ағылшын тілін оқытуда семинарлар, тілдік курстар, шеберлік сыныптарын өткізеді.
Кездесуге БҚАТУ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Бурахта Вера Алексеевна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, АҚШ Мемлекеттік департаментінің түлектеріне арналған грант иегері Матжанова Гүлвира Жүсіпқызы, экономика және менеджмент, шет тілдері және аударма ісі кафедраларының оқытушылары.
Тілдер және менеджмент факультетінің ғылыми зерттеулер және халықаралық қатынастар жөніндегі менеджері Уразова Б.А.