Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес  2022 жылғы 5 маусымда өткiзiлетін республикалық референдум аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 19 мамыр күні Референдумды қолдау бойынша қалалық штабының төрағасы С.К.Сүлеймен, қалалық маслихатының депутаты С.М.Бахишева білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде айтылды.

Шараға қатысқан спикерлерге университет оқытушылары сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныстарын білдірді.

Референдумды қолдау бойынша қалалық штабының төрағасы С.К.Сүлеймен

оқу орнының ұжымын референдумда белсенділік танытуға және өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіруге шақырды.

БҚИТУ тәрбие және ұйымдастыру бөлімі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz