2022 жылдың 13 мамырында мұнай-газ ісі кафедрасында жұмыс берушілермен  БББ 6В07201, 7М07201-Мұнай-газ ісі талқылау  өткізілді:. Талқылауға ЖШС “Жайықмұнай” жетекші маманы Мурадимов З.О., ЖШС «Алау» басшысының орынбасары Макаренко А.Д., өндірістік маманы Бактугулов Е.Т., сондай – ақ жетекші оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша білім алушылардың білімі, мұнай кен орындарын игеру бойынша жобалық құжаттар, сондай-ақ мұнай-газ ісіне қатысты жаңа технологиялардың IT бағдарламалары бойынша жұмыс мәселелері талқыланды.

Кездесу жемісті өтті, білім алушылар диалог пен талқылауға белсенді қатысты. Сонымен қатар Орал қаласының мұнай-газ кәсіпорындарында білім алушылардың практикадан өтуі туралы мәселеде  қаралып өтті.

Кафедраның ПОҚ құрамы кәсіпорын мамандарына алғыс білдіреді және алдағы уақытта да берік ынтымақтастыққа шақырады.

Мұнай-газ ісі кафедрасы

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz